Пікірге «БАҒА» деп жазады,
Директте жауап алады

Пост астындағы бір сөз бүкіл тізбекті іске қосады: аккаунт сол тармақта ашық жауап береді, бір секундтан кейін адамға Директке хабарлама жібереді. Бұл сценарий конструкторында емес, қысқа форманы толтыру арқылы бапталады.

Бір пікір диалогқа айналады

Адам пост астына кодтық сөзіңізді жазады. Аккаунт оған сол жерде, көпшілік көзінше жауап береді де, бір секундтан кейін Директке хабарлама жібереді.

Бір ережеге бірнеше кодтық сөз сыяды, оны нақты постқа байлап қоюға болады — әр посттың астында бөлек мәтін, бөлек сілтеме.

Алдымен жазылуын сұраңыз

Сыйлық тек жазылушыларға арналса, аккаунт профиліңіздің сілтемесін және «Жазылдым» түймесін жібереді. Адам түймені басады — біз Instagram-нан қайта сұраймыз.

Ашық жауап әр жолы басқаша

«Директке жаздық» дегеннің бірнеше нұсқасын жазып қойыңыз — әр пікірге кездейсоқ біреуі шығады. Жиырма пікірдің астындағы бірдей сөйлем бірден бот болып оқылады: мұны аудиторияңыз да, Meta-ның өзі де байқайды.

БАҒА КЕРЕК АЛАМ ПРАЙС ӨЛШЕМ ЖЕТКІЗУ КАТАЛОГ

Сөзді өзіңіз таңдайсыз. Жоғарыдағылар — мысал: аудиторияңыз оларды сұраусыз-ақ жазып жүр.

Instagram нені рұқсат етеді
және воронка неге жұмыс істейді

Бұл шектеулерді біз емес, Instagram қояды, және кез келген құрал солардың ішінде жұмыс істейді. Науқанды жоспарлар алдында осыны оқып шығыңыз.

Бірінші болып жаза алмайсыз

Директте әңгімені ешбір құрал бастай алмайды — біздікі де, басқа ешкімдікі де. Алдымен адамның өзі қимылдауы керек: жазады, пікір қалдырады, сізді белгілейді немесе түймені басады. Жауап беруге дәл сол құқық ашады.

24 сағат — Директке жауап беруге

Уақыт адамның соңғы хабарламасынан басталады. Мерзім өтіп кетсе, ол қайта жазбайынша, Instagram сіздің жауабыңызды жеткізбейді.

7 күн — пікірге жауап беруге

Пікір екінші есікті ашады: авторына 7 күн ішінде бір ғана Директ хабарламасы. Бір пікір — бір хабарлама, екінші талпынысты Instagram қабылдамайды, сондықтан біріншісі толық болғаны жөн.

Жазылушыларға жаппай тарату бұл тізімде жоқ: ондай есікті Instagram ешкімге ашпайды. Бүкіл аудиторияға бірден жүгінгіңіз келсе — Telegram және сайттағы чат бар.

Іске қосу

Нөлден бірінші жауапқа дейін

Төрт қадам: кодсыз да, серверсіз де.

01

Аккаунтты қосыңыз

Instagram-ның өз терезесі арқылы кіріп, аккаунтқа жауап беруге рұқсат бересіз. Аккаунт кәсіби болуы керек — «Бизнес» немесе «Автор». Түрін ауыстыру тегін, профиль баптауларынан бір-екі минут алады және кез келген сәтте кері қайтарылады.

02

Кодтық сөзді таңдаңыз

Аудиторияңыз өзі жазып жүрген сөз болғаны дұрыс. Ол барлық посттарға жарайды немесе бір ғана постқа байланады.

03

Екі жауапты жазыңыз

Біріншісі — пікір тармағындағы ашық жауап, қайталанып кетпеуі үшін бірнеше нұсқада. Екіншісі — Директтегі хабарлама: ол пікірге жеке жауап болып кетеді, ал мұндай жауап біреу ғана — сол пікірге екіншісін Instagram қабылдамайды.

04

Алдымен өзіңіз тексеріңіз

Жеке аккаунтыңыздан өз постыңызға кодтық сөзді жазыңыз. Клиент не көретінін дәл сол күйінде көресіз: тармақтағы ашық жауап және Директтегі хабарлама.

Бірде-бір пікір
жауапсыз қалмайды

Автожауап посттарыңыздың астында өзі жауап береді: өзіңіз жазған тізімнен кездейсоқ біреуін алады.

Бір емес, бірнеше жауап

Барлық пікірдің астындағы бір сөйлем ботты бірінші жолдан-ақ әшкерелейді. Бірнешеуін жазыңыз — әр пікірге басқасы шығады.

Ашық жауап беріңіз, Директке жазыңыз немесе екеуін бірден істеңіз — барлық постта немесе тек өзіңіз таңдағандарында.

Тек эмодзи жазылған пікірлерді елемейді

Жалғыз «🔥» мен «❤️»-ға жауап беретін ештеңе жоқ. Қосқышты қосасыз — автожауап олардың жанынан өте шығады.

Спам постыңызда қалмайды

Сілтемелер, телефон нөмірлері, бөгде никтер, бас әріппен айқай, эмодзи қабырғасы, үш рет қайталанған бір мәтін — сүзгі оларды жасырады не жояды және әр жолы сізге хабарлай алады. Әр ереже сіз қоспайынша өшірулі тұрады.

Әңгіме қайдан
басталуы мүмкін

Бірінші болып жаза алмайтындықтан, әңгімені әрқашан адамның өзі бастайды. Ал ондай сәт ойлағаннан әлдеқайда көп.

Кодтық сөз Директке де келеді

Көп адам пікір жазбайды: сөзіңізді сториста немесе профиль сипаттамасында оқып, бірден Директке жібереді. Бөлек ештеңе құрудың қажеті жоқ — сол ереженің өзінде сөз хабарлама арқылы келгенде де жауап беретін қосқыш бар.

Стористегі белгілеулер

Біреу сізді өз сторисінде белгілесе, ол Директке кәдімгі хабарлама болып түседі және 24 сағаттық терезені ашады. Оған сценарий де, ЖИ-агент те жауап бере алады.

Кіріспе сұрақтар мен тұрақты мәзір

Бос жазысуда Instagram 4-ке дейін кіріспе сұрақ көрсетеді, ал тұрақты мәзірге 5 тармақ сыяды — әрқайсысы не сілтеме, не сценарийдің басы. Оны түрту адамның өзі бірінші жазғанымен тең. Екеуі де Instagram қосымшасында қойған баптауларыңызды ауыстырады, сондықтан оларды бір жерде ұстаған дұрыс.

Екі нәрсені Instagram өзі шешеді: кіріспе сұрақтар тек мобильді қосымшада көрінеді (компьютерде ондай экран жоқ), ал жабық аккаунттардағы белгілеулерді ол ешкімге бермейді.

Қалғанының бәрін
ЖИ-агент алады

Сценарийлер дәл сөзді және түйме басуды ұстайды. Баға, өлшем, жеткізу, «әлі бар ма?» — бұл ЖИ-агенттің жұмысы.

Ол сіздің білім базаңыздан жауап береді

Прайсыңызды, жеткізу шарттарыңызды және өлшем кестеңізді беріңіз: мәтінмен, беттің сілтемесімен немесе файлмен. Күн сайын қойылатын сұрақтарға сұрақ-жауап жұптарын қосыңыз да, жауап беретін тілін таңдаңыз — тізімде қазақ тілі бар.

Бір хабарлама екі жауап алмайды: сценарийлер үндемегенде ғана агент сөйлейді.

ЖИ-агент қалай жұмыс істейді

Білмегенін жазып қояды

Жауап бере алмаған сұрақтары бөлек «Жауапсыз» тізіміне жиналады. Жауабын жазасыз — агент оны есінде сақтайды да, келесі жолы өзі шешеді.

Диалогты операторға береді

Сенімді болмаған кезде агент болжауды тоқтатады: адамға командаңыздан біреу жауап беретінін айтады, сізге хабарландыру жібереді және диалогты күтіп тұрған күйінде қалдырады — Telegram мен сайттағы чаттың диалогтарымен бір терезеде.

Сұрақтар

Қоспас бұрын

WhatsApp бар ма?
Жоқ. Мұны тіркелгеннен кейін емес, дәл осы жерде айтқанды дұрыс көреміз, әрі мерзім де атамаймыз: жоқ нәрсеге күн белгілеу — уәде емес. Бізде бары: Instagram, Telegram және сайттағы чат — үшеуінің диалогтары бір терезеге түседі.
Кабинет қазақша ма?
Иә, кабинеттің қазақша аудармасы бар — тілді баптаулардан таңдайсыз. Клиентіңіз оқитын мәтіндерді — пікір астындағы жауапты, Директтегі хабарламаны, ЖИ-агенттің жауабын — өзіңіз жазасыз, қалаған тіліңізде.
Бизнес-аккаунт керек пе?
Иә: «Бизнес» немесе «Автор». Жеке профильді қосу мүмкін емес, бұл — Instagram-ның ережесі, біздің шектеуіміз емес. Түрін ауыстыру профиль баптауларынан бір минут алады, тегін және кез келген сәтте кері қайтарылады.
Барлық жазылушыма жарнама жібере аламын ба?
Жоқ, және мұны ешкім істей алмайды: Instagram ондай есікті ашпайды. Сізге жазған немесе пікір қалдырған әркімге жауап беріп, әңгімені әрі қарай жалғастыруға болады. Бүкіл аудиторияға бірден жүгіну үшін Telegram мен сайттағы чат бар.
24 сағат бітіп кетсе не болады?
Instagram хабарламаны жеткізбейді. Адамның қайта жазуын күтесіз — немесе оның пікіріне жауап бересіз: ол 7 күндік есікті ашады, ал адам жауап берген бойда жаңа терезе басталады.
Қандай рұқсат сұрайсыздар?
Төртеу: қай аккаунтты қосқаныңызды білу, Директтегі хабарламаларға жауап беру, пікірлерге жауап беру — пікірден шығатын сол бірінші хабарламаны қоса — және профиль статистикасын көру. Жариялауға немесе өңдеуге рұқсат сұрамаймыз, сондықтан таспаңызға қолымыз жетпейді.
Аккаунтыма зияны тимей ме?
Instagram-ның ресми API-і арқылы жұмыс істейміз: Instagram-ның өз терезесі арқылы кіресіз, рұқсаттарды өзіңіз бересіз, құпиясөзіңіз бізден өтпейді. Ботқа шынымен ұқсайтыны — қатарынан кетіп жатқан бірдей жауаптар, сондықтан ашық жауаптар бірнеше нұсқада жазылып, кездейсоқ таңдалады, ал воронканың бәрі Instagram өзі белгілеген мерзімнің ішінде жүреді.
Мұны басқа құралмен істеп жүрмін
ManyChat-тан немесе басқасынан келсеңіз, көрші өнім туралы әңгіме айтпаймыз. Instagram-ның ережесі бәріне бірдей: ешкім бірінші жаза алмайды, жазылушыларға тарату жоқ, Директке 24 сағат, пікірге 7 күн. Біздің жағымыздан қарауға болатыны: бір терезедегі Instagram, Telegram және сайттағы чат, сол боттың ішіндегі ЖИ-агент, сынап көруге мерзімсіз тегін тариф.
ЖИ-агент қай тілде жауап береді?
Баптауларында өзіңіз таңдаған тілде — тізімде қазақ тілі бар. Білім базасын өзіңіз жазасыз, сондықтан сөз таңдауы да сіздікі.

Пікірлер өзіңізге жұмыс істесін.

Тегін бастау Бізбен хабарласу

Тегін тарифтің мерзімі шектелмеген. «Сынақ Премиум» — 1 күн.